BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Театр актері «әйелдері» үшін қалай күресті?

Астанадағы «Аттракцион» тәуелсіз жастар театрында «Әйелің үшін күрес» комедиясы сахналанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

1983 жылы ағылшын драматургы Рэй Куни «Әйелің үшін күрес» (Run For Your Wife) комедиялық пьесасын жазды. Пьеса ең алғаш рет 1983 жылы 12 желтоқсанда Лондонда қойылған. Ал 1989 жылы Нью-Йорктегі премьерасында Рэй Кунидің өзі басты рөлді ойнады. Қазақстанда «Аттракцион» жастар театры 2013 жылдың 26 қазанында «Папа в паутине» атты комедиясын сиквел ретінде қойды.

Оқиға қалай өрбиді?

Бас кейіпкер такси жүргізушісі Джон Смиттің бір-біріне жап-жақын жерде тұратын екі әйелі болады. Мэримен шіркеуде некелессе, ал Барбарамен азаматтық некеге тұрған. Қос әйелі бірін-бірі біліп қоймауы үшін Джон үш жыл бойы арнайы кестемен жүреді. Алайда бір күні...

Бір күні кемпірді бұзақылардан құтқарамын деген Джон төбелес кезінде басынан жарақат алады. Дереу ауруханаға жеткізіледі. Есін жиған кезде қараса Мэридің үйінде жатқанын біледі. Бұл сәтте Барбараның үйінде болу керегі есіне түскен Джон кестеден ауытқығанын сезеді. Бас кейіпкер жағдайды дұрыстаймын деп одан сайын ушықтырып алады. Бұл іске екі учаскелік полицей, Мэри мен Барбараның көршілері, журналистер араласады.

«Аттракцион Плэйхаус» 2010 жылы құрылған. 7 жыл ішінде астаналық театр «Чикаго», «Блондинка в законе», «Мамма Мия», «Тамыз. Осейдж графтығы», «Ваня және Соня, Маша, Спайк», «Папа в паутине», «Бетти мен Будың отбасылық өмірі» атты бүкіл әлемге танымал қойылымдарды көрерменге ұсынған болатын. Бірнеше жылда театрдың 200-ге жуық қойылымын он мыңдаған көрермен тамашалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер