BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Тарбағатайда «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді

28 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осымен үшінші рет өткізілгелі отырған айтулы айтысқа Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Тілеген Әділов, Мейірбек Сұлтанхан, Дидар Қамиев, Нұржан Өмірбаев, Шұғайып Сезімхан, Оңғар Қабденов, Нұрлыбек Мейірманов, Мөлдір Айтбай, Абай Жалмағанбетов, Қуаныш Нұржанов секілді жүйріктермен қатар Қырғызстаннан Баян Ахметов, Монғолиядан Серік Қуанған қатысады.

Айтыс 28 шілдеде Ақсуат ауылының орталық стадионында түскі сағат екіде басталады.

Ақындар додасын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді. Сонымен қатар, айтыс соңы танымал сахна жұлдыздарының қатысуымен өтетін ән кешіне ұласады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер