BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Өскеменде республикалық театр фестивалі өтеді

Фото: express-k.kz

Астана, BAQ.KZ. 10-14 қараша күндері vемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы кіші формада сахналанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестивалі болады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Фестиваль облыстық драма театрында өтеді. Кіру – тегін.

Фестиваль 10 қараша күні кешкі сағат 6-да ашылады. Ашылу рәсімінде «Бөрінама» фильмінің көрсетілімі ұсынылады.

Фестиваль кестесі төменде:

11 қараша

10:30 Н.Коляда «Тасбақа үміт» психологиялық драмасы. Астананың Жастар театры.

15:30 Ш.Айтматов «Жәмилә» махаббат тарихы. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры.

18:30 Еврипид «Медея» трагедия. Мемлекеттік қуыршақ театры (Алматы).

12 қараша

11:00 Сергей Матвеев «Наедине с Пушкиным» моноспектакль. М.Горький атындағы мемлекеттік драма театр (Астана).

15:00 О.Бөкей «Атау кере» драма. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка драма театры.

18:30 Эрик-Эмманюэль Шмитт «Мой маленький Оскар» моноспектакль. Б.Омаров атындағы театр (Алматы).

13 қараша

10:00 А.Галин «Қайран жас дәурен» ретро. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театры.

12:30 М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» драма. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры (Петропавл).

17:00 Фестивальдің салтанатты жабылуы.

Ж.Өзубеков «Толғақ» психологиялық драмасы режиссері Рүстем Есдәулетов. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры (фестивальден тыс қойылым).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер