BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қарағандыда «Елбасы – Тәуелсіз Қазақстан» көрмесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Бірінші Президент Күніне және Қазақстанның тәуелсіздігі Күніне арналған көрме ашылды.

Көрмеде мұражай қорынан 41 жәдігер ұсынылған. Мұнда кескіндеме, графика және қолданбалы туындыларын тамашалауға болады. Суретшілердің жұмыстарын Қазақстанға, туған қала мен ауылға деген махаббат тақырыбы біріктіреді.

Кейбір суретшілер халқымыздың жүріп өткен жолын қайта қарастыра келіп, еліміздің тарихына үңілген. Келісі біреулеріне қазақтардың көркем мәдениетінің дәстүрлері маңызды болған. Суретшілердің бұл жұмыстарында өнердегі бүгінгі күнге тән классикалық өнер мен ұлттық ойлаудың жаңаша бағыттағы көзқарасы көрсетілген. Қыл қалам шеберлерінің көбісі өз суреттерінде туған өлкесінің сұлулығын, Сарыарқа даласының керемет әсемділігін көрсете білді.

Көрмеде В.Крылов, Р.Есіркеев, Ә.Сыдыханов, А.Ғалымбаева, Ә.Исмаилов, А.Романов, М.Әбілқасов, М.Қалқабаев, М.Байтенов және тағы да басқа танымал суретшілердің туындыларын тамашалауға болады. Олар өз кескіндемелік пейзаждарында шынайы тұрғыда қазақтың кең даласын бейнелеген, кеншілер мен металлургтердің, құрылысшылардың, ауылдастарының портреттік бейнелерін суреттеген.

Орта буын Қарағандылық танымал суретшілер Б.Мұстафин, П.Кишкис, О.Дроздов туған жер, сүйікті қаламызға арнаған туындыларын осы көрмеден көре аласыздар. М.Аманбаевтың графикалық жұмысы ұлттық нашықта жазылған, кейіпкердің өр тұлғасын, мінез – құлқын тамаша жеткізе алған туынды.

«Елбасы – Тәуелсіз Қазақстан» көрмесі Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайы бойынша орналасқан бейнелеу өнері мұражайында 23 қарашаға дейін жалғасады. Кіру құны – 150 теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер