BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді

Фото: Baribar.kz

Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдени күндері аясында Димаш Құдайбергенов өзінің жеке концертін береді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің концерті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен және Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен өтеді.

Министрдің мәліметінше, шоу DQ атауымен 19 қараша күні сағат 19.00-де Лондондағы ең танымал Royal Festival Hall концерт залында өтеді. Лондондық көрермендер бірінші рет жас әншінің концерттік бағдарламасын тамашалайтын болады. Онда біз сүйіп тыңдайтын хиттар мен жаңа композициялар орындалады.

Димаштың әр орындауы әлемдік резонанс тудырып, миллиардтаған тыңдарманның қызығушылығына ие болуда. Жер шарының әр түкпіріндегі әншінің табынушылары әлемдік шоудың куәгері бола алады, ол үшін бар болғаны www.BiletiAstana.kz сайтына онлайн тіркеуден өтсе болғаны.

«Әр тіркелген көрермен Димаштың Лондондағы концертіне жеке RSVP бейдж алады. Тіркелу ақылы. Барлық түскен қаражат Қазақстанның дарынды жастарын беделді халықаралық байқауларға қатысуына жұмсалады. Өйткені жас әнші өзінің феноменді вокалымен ғана емес, ол өз отанының дарынды балалары мен жастарына қатысты әлеуметтік ұстанымымен танымал. Соның арқасында димаш Құдайберген қазіргі Қазақстанның символына айналып отыр», -делінген Министрдің жазбасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер