BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қостанайда халықаралық дирижерлер форумы өтуде

Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясы қазақ халық аспартары оркестрінің 10 жылдығына арналған халықаралық дирижерлер форумы өтуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қалада мамырдың 14 мен 18 аралығында дирижерлердің халықаралық форумы өтуде. Айтулы мәдени шара Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясы қазақ халық аспартары оркестрінің 10 жылдығына арналған», - делінген Қостанай облысы мәдениет басқармасының хабарламасында.

Бүгінде форумға танымал дирижерлер қатысуда.

Атап айтқанда, Фарух Садықов – Өзбекстанның халық әртісі, Арман Жүдебаев – Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің бас дирижері, Әнуар Нүсіппаев – Астана өнер университетінің дирижерлік ету кафедрасының профессоры, Сергей Безбородов – РФ еңбек сіңірген әртісі, Владимир Лавришин – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайреткері, Назымбек Молдахметов - қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және басқалар.

Форумның негізгі мақсаты ұлттық музыка дәстүрін дамыту, ұлттық өнер мен рухани дәстүрді насихаттау, музыкалық ұжымдар арасында тәжірибе алмасу және дирижерлік ету өнерін жетілдіру.

«Бүгінде жас музыканттармен шеберлік сыныптары өткізілуде, соңында шақыртылған халықаралық дирижерлермен дөңгелек үстел өткізіледі. Ал, 18 мамырда сағат 18.30 гала-концерт өтеді. Оны маэстролардың өздері өткізеді», - дейді ұйымдастырушылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер