USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қазақстандық жасөспірім бишілер Чехиядан чемпион болып оралды

Чехияның Либерец қаласында өткен биден Әлем чемпионатынан қазақстандық жас бишілер үлкен олжамен оралды. Юниор жасөспірім бишілер санаты бойынша үш номинацияда абсолютты чемпион атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарашаның 22-27-і күндері Чехияның Либерец қаласында осымен сегізінші рет биден Әлем Чемпионаты өтті. Сайыс екі би алаңында алты күнге созылды. Әлемдік би додасына Франция, Италия, Швеция, Венгрия, ЮАР, Шотландия және тағы бірқатар мемлекеттерден 3600-ге жуық биші қатысып, бақ сынады. Қазақстаннан бірнеше номинация бойынша Астана қаласындағы Оқушылар сарайының «Bomond» балл би ансамблі қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің ансамбль Юниор- жасөспірімдер категориясындағы Standart , Latin, All Styles деп аталатын үш номинация бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.

«Bomond» би ансамблі әр-түрлі халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғап жүр. Осыған дейін Мәскеуде, Мармаристе (Түркия), Новосибирскіде, Тбилисиде көптеген сайыстарға қатысып, жеңіспен оралған болатын. Қазылардың айтуынша, Чемпионатта оқушылар жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ олардың ерекше таңдалған костюмдері де назардан тыс қалмады. Әрине ансамбльдің мұндай жетістікке жетуіне оның жетекшісі әрі бас жаттықтырушысы Владислав Лидің сіңірген еңбегі орасан зор.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады