BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстан мені әрқашан қолдайды – Самал Еслямова

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 1 қараша күні #NurOtanTalks алаңында белгілі актриса, 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жеңімпазы Самал Еслямова сөз сөйледі.

Бұл іс-шара қатысушылары «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет: биік белестер» тақырыбында ойларымен бөлісті.

«Журналист болғым келді. Бұл бала кезден арманым еді. Тест тапсыратын кезде бланкіні қате толтырып қойыппын. Басқасын сұраған кезде бланк біреу ғана берілетінін айтты. Аз ұпай жинап, тегін бөлімге түсе алмадым. Қазақ театрында «актерлық шеберлік» эсперименталды тобы ашылды. Әкем «сенің қолыңнан келеді» деп кеңес берді. Бардым», - деп сөзін бастады актриса.

Ол осындай жетістіктерге жету үшін алдымен не қажет екенін айтты.

«Еңбек керек. Одан бөлек өнер жолында сәттілік, денсаулық, білім, тіл, талант керек. Күнделікті еңбек. Ол өнер шабыт келсе жақсы, бірақ оның артында өте-өте көп еңбек жатыр. Күнделікті жаттығасың. Бүгін суық, боран бола тұра далаға шығып түсірілімге қатысуың керек. Артқа жол жоқ, тек алға», - деп айтты Еслямова #NurOtanTalks алаңында.

Ол әрқашан қолдап, көмегін аямайтын Қазақстанға деген алғысын жеткізді.

«Қазақстан қандай көмек берді деп сұрайды. Қазақстан – менің елім, ол маған мектепте, колледже тегін білім берді. Алматыға барар болсам мүмкін сонда оқуға түсер ме едім. Мұғалімім, әріптестерім «Мәскеуге барып көр» деп айтты. Мәскеуге барғанымда Белоруссия мен Қазақстаннан келген студенттер тегін оқи алады екен. Қазақстанның арқасында тегін оқыдым. Содан кейін жұмыс істедім. Қазақстан мен Ресей достығының арқасында өз кәсібіммен жұмыс істей алдым. Осындай жетістікке жеттім, рахмет. Ол менің ғана емес, Қазақстанның, Ресейдің және еңбектің арқасында. Қазақстан үйден кетіп бара жатқандағы «барып оқисың ба, оқысаң, міне жолыңа ақша, міне диплом» деп айтатын әкем сияқты. Қазақстан әрқашан мені қолдап тұрады», - деп сөзін түйіндеді ол.

Іс-шараға Самал Еслямовадан бөлек Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Арман Жүдебаев, Нью-Йорк киноакадемиясының (MFA) түлегі, халықаралық және республикалық кинофестивальдердің лауреаты, режиссер, сценарист, актер, документалист Диас Әзімжан, «TSE Art Destination» арт-алаңы мен «Artios» креативті агенттігінің негізін қалаушы, өнертанушы, «Нұр әлем» Қазақстан ұлттық павильонындағы қазіргі заманғы өнер жиынтығы мен «Astana Art Show» халықаралық көрмесінің кураторы Дина Байтасова қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер