USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ертең «Ақтастағы Ахико» спектаклінің премьерасы өтеді

Ертең Бейбітшілік және келісім сарайында «Ақтастағы Ахико» спектаклінің премьерасы болады. Драма саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 17 жасында Қарлаг түрмесіне түскен жапониялық Ахико Тэцуроның тағдыр тауқыметі жайында баяндайды.

Жазықсыз жер аударылған жапон азаматының қапастан шыққаннан кейінгі өмірі де сәтті өрнектелген. Ахико абақтыдан шыққан соң өз Отанындағы туған-туысымен қауышады. Алайда Қазақстанға қайта оралып, Қарағанды облысындағы алақандай ауылда тұруды қалайды. Спектакльде оның ата-анасымен қоштасқан сәті әсерлі шығады. Қойылымды бұған дейін Алматы мен Қарағанды тұрғындары тамашалап та үлгерді. Көрермендер арасында тартысқа толы тағдыр иесі, шынайы шығарма кейіпкері – Ахико Тэцуро да бар.

«Бұл спектакль арқылы біз еліміздегі келісім мен елдің бірлігін паш етпекпіз. Ахиконың көзі арқылы сонау 1940 жылдарғы қуғын-сүргінді бастан өткерген, ұлттық мемлекет құруды армандаған Алаш зиялыларын көрсеткіміз келеді. Ахико арқылы адамның жасампаз рухын көрсетеміз», - дейді қоюшы режиссер Асхат Маемиров.

Хабар 24

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады