BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Балаларға арналған фильмге кастинг жарияланды

Қазақфильм балаларға арналған фильмге кастинг жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілетін «Бала ғашық» атты көркем фильміне кастинг жариялайды. Режиссері – Бегарыс Елубаев.

Кастингке 10-15 жас аралығындағы қазақ тілінде еркін сөйлейтін ұл балалар қатыса алады.

Кастингке қатысам деушілер төменде көрсетілген мекен-жайға 2017 жылғы қыркүйектің 15-і мен 17-і күні сағат 10.00-18.00 аралығында келуі тиіс.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «Двухпавильонник» ғимараты, 44 кабинет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер