BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Балалар евровидениесінің» жеңімпазы анықталды

Фото: viva.ua

Әнші Данэлия Төлешеова «Балалар евровидениесінің» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгін мыңдаған көрерменнің алдында іріктеуден өткен 10 қатысушы ән салды, атап айтсақ Максим Ержан, Зере Әмірбекова, Мейіржан Жидебай, Мария Затварницкая, Асуат Санат, Бинура Саудабай, Данэлия Төлешеова, Сүйкім Қабылбек, Жанелья Қалдыбек, Динар Нәдірбекова, Асуат Санат, Бинура Саудабай, Данэлия Төлешеова, Сүйкім Қабылбек.

Балалар өнер көрсеткеннен кейін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау және телефоннан хабарласу арқылы дауыс берді. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың ортақ шешімімен анықталды.

Минскіде өтетін халықаралық байқауда Албания, Армения, Австралия, Әзербайжан, Беларусь, Франция, Македония, Грузия, Ирландия, Израиль, Италия, Қазақстан, Мальта, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды, Уэльс сияқты елдердің жас өнерпаздары сынға түседі. Қазақстан мен Уэльс бұл байқауға алғаш рет қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер