BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әулиеатада «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді.

Фестивалдің мақсаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде Жамбыл облысының тұрғындарына арналған рухани-мәдени іс-шаралар топтамасын ұсынып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастыру.

«Достық үйінің» бірінші қабатында Астанадан арнайы келген иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның туындылары мен БАҚ жұмыс жасайтын фототілшілердің сурет көрмелері қойылады. Сонымен қатар бірінші қабатта арнайы хештег рамкасымен «Таразға тілек» фотобұрышы ұйымдастырылады.

«Таразға тілек» фотоальбомына тілек жазып, суретке түскен жандарға «Ұлы дала рухы» іс-шарасының арнайы сыйлық дорбалары (кулек) беріледі. Аталған шараға жиналған жұртшылыққа насихатшылар тобы «Жамбылдағы Рухани жаңғыру» атты ақпараттық брошюраларын таратады.

Сондай-ақ «Ұлы дала рухы» іс-шарасының концерттік бағдарламасы ұсынылады. Кеште «Алаш ұлы» тобы, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова, Ербосын Қасымбек сынды әншілер ән шырқайды.

Іс шара аясында әулиеаталық ақын Нұрлыбек Құрманов пен Дархан Әбдіманаттың арасында жекпе-жек айтыс өтеді. Бұдан бөлек тараздық жас ақындар Жанғазы Ахмет, Нұрболат Жолдасбекұлы, Данияр Әлімқұл жыр сүйер қауымға өлең шумақтарын арнайды.

Сонымен қатар облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, «Ұлы дала рухы» фестиваліне қатысушыларды марапаттайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер