Атырауда «San-Remo Saraishyq» атты итальяндық музыка фестивалі өтті - Өнер|10 Тамыз 2018, 18:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Атырауда «San-Remo Saraishyq» атты итальяндық музыка фестивалі өтті

2 мыңға жуық көрермен тамашалауға келген бұл шара Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыздың 9-ы күні Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда Атырау музыкасының тарихында «San-Remo Saraishyq» атты фестивалі тұңғыш рет өтті. Концертті ұйымдастырушы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын шығармашылықпен қуанту үшін Италияның әр қаласынан «San Remo» халықаралық фестивалінен 8 әртіс келді. Олардың арасында әлемге әйгілі әртістер - танымал тенор Родольфо Мария Гордони, «San-Remo» фестивалінің тұрақты қатысушысы және композитор Исабео Биффи, сондай-ақ танымал халықаралық Alt @Moda тобы бар.

«Атырауға мен алғаш рет келдім, қала тұрғындары мені және менің әріптестеріме қонақжайлылық танытты. Біз танымал - Toto Cutunje, Adriano Celintano, Richie және Poveri, Pupo, Nada және басқада итальяндық әртістердің әндерінен тұратын үлкен репертуарды алып келдік. Көрермендер бізді өте жылы қарсы алып, бізбен бірге ән шырқады. Өте жақсы көңіл-күй сыйлады», - дейді әнші Исабео Биффи.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сюзанна», «Феличита» және басқа да кеңестік дәуірдің басқа да танымал әндері Атырау қаласының тұрғындары үшін, әсіресе, қарт адамдар үшін шынайы мереке болды.

«Осындай дәрежеде өткен фистиваль қаламыздың тарихында алғаш болып отыр. Бүгін шамамен екі мың көрермен әйгілі итальяндық әртістердің өнерімен танысуға келді. Екі елдің мәдениеті мен тілін байланыстыру біздің басты мақсатымыз болатын. Осы мақсатымыз жүзеге асты деп есептеймін. Ендігі кезекте Италия елінде Қазақстан эстрадасының концертін қойып, итальяндықтарды біздің мәдениетіміз бен тілімізбен таныстырсақ жақсы болар еді», - дейді Атырау қаласы мәдениет бөлімінің бас маманы Қарлығаш Құмарова.

Айта кетсек, «San-Remo» – танымал итальяндық ән байқауы. Әр жыл сайын ақпан айының ортасында Италияның солтүстік-батысындағы Сан-Ремо қаласында өткізіледі. Байқау бұрын соңды көпшілікте орындалмаған италиялық композиторлардың түпнұсқа әндерінің байқауы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер