BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астаналық жастар театры гастрольдік сапармен Алматы қаласына барады

Астананың «Жастар театры» елордамыздың 20-жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында гастрольдік сапарын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Алматылық көрермендер М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында қыркүйектің 22 күні М.Левидің «Жер мен көктің арасы» мелодрамасы, 23 қыркүйек Ж.П.Пило мен О.Шультездің «Моцарт» мюзиклін тамашалай алады.

Сонымен қатар, 24-26 қыркүйек күндері аралығы Астаналық Жастар театры Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында да У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын, Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін, Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклін және жас бүлдіршіндерге арналған Ю.Алесиннің «Золушка» музыкалық ертегісін өткізеді.

Аталмыш гастрольдік сапар, қыркүйектің 27-29 күндері аралығы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында өз жалғасын табады. Бұл жерде көрермендер назарына Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» музыкалық қойылымы, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы, Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклі және жас бүлдіршіндерге арналған Ю.Алесиннің «Золушка» музыкалық ертегісі ұсынылады.

Жастар театрының Алматы қаласындағы гастрольдік сапарының кестесі:

Өтетін күні

Қойылымдар

Басталу уақыты

Өтетін орны

1

22.09.2018

М.Леви

«ЖЕР МЕН КӨКТІҢ АРАСЫ» /мелодрама/

1900

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

2

23.09.2018

Ж.П.Пило, О.Шультез

«МОЦАРТ» /мюзикл/

1900

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

1

24.09.2018

Ю.Алесин

«ЗОЛУШКА» /музыкалық ертегі/

У.Шекспир

«АСАУҒА ТҰСАУ» /комедия/

1100

1900

Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры

2

25.09.2018

Ю.Алесин

«ЗОЛУШКА» /музыкалық ертегі/

Б.Соқпақбаев

«...КӨЗІМЕ БІР КӨРІНСЕҢ, БАЛА ҒАШЫҚ...» /сахналық повесть/

1100

1900

Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры

3

26.09.2018

Ю.Алесин

«ЗОЛУШКА» /музыкалық ертегі/

Ғ.Мүсірепов

«ЖІБЕК» /мюзикл/

1100

1900

Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры

4

27.09.2018

Ю.Алесин

«Золушка» /музыкалық ертегі/

Н.Жақыпбай

«ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ӘУЕН»

1100

1900

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

5

28.09.2018

Ю.Алесин

«ЗОЛУШКА» /музыкалық ертегі/

У.Шекспир

«АСАУҒА ТҰСАУ» /комедия/

1100

1900

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

6

29.09.2018

Ю.Алесин

«ЗОЛУШКА» /музыкалық ертегі/

Ғ.Мүсірепов

«ЖІБЕК» /мюзикл/

1100

1900

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

Анықтама тел: 8 702 284 92 61, 8775 278 23 05


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер