BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада жас суретшілер көрмесі өтуде

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары елордалық жас суретшілердің туындысын тамашалай алады.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы аясында өтіп жатыр. Оған елордалық жас суретшілер одағы бірлестігінің елуден аса жұмыстары қойылған.

«Біз Астанадағы жас суретшілердің басын қосу туралы идея ұсындық. Мұнда әртүрлі стиль бейнеленген. Әр адамның техникасы әртүрлі. Сондай-ақ, көрмеде танымал суретшілер Бексейіт Түлкиев пен Ақмор Түлкиеваның қыздарының жұмыстарын көруге болады», – деді Тәуелсіздік сарайындағы көрме бөлімінің басшысы Айнұр Әбілқайырова.

Көрме 30 қарашаға дейін Тәуелсіздік сарайында өтеді. Кіру тегін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер