Астанада Пабло Пикассоның көрмесі ашылды  - Өнер|09 Тамыз 2018, 10:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астанада Пабло Пикассоның көрмесі ашылды 

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассо көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған бұл экспозиция «Пабло Пикассо. Валлористік Селестина мен керамика» деп аталады және ол елорданың 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр.

Астана тұрғындары мен қонақтары көркем керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін колекциясын тамашалады. Құмыралар, табақшалар, сауыттар, ертегідегі құстар мен мифтік жаратылыстар ұлы шебер тұрақтаған Францияның оңтүстігінің таңғажайып шуақты пейзаждарындай тамаша дүниелер.

Көрермендер назарына ұсынылған экспонаттарда валлористік керамиканың бесігі саналатын «Мадура» шеберханасының «Edition Picasso» белгісі бар. Бұл «Пикассо қолынан шыққан» дегенді білдіреді.

Аталған көрме ағымдағы жылдың 3 қарашаға дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер