BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада медицина саласы бойынша фотокөрме өтеді

Астана, BAQ.KZ. «Sultan magazine» борттық журналы және №2 Астана қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы, «Нұр Отан» партиясы бірлесе отырып «Жақсы дәрігер» атты фотокөрме ұйымдастырады.

"Бұл әлеуметтік жоба көптеген медицина мамандарының қоғамдағы деңгейін көтеріп, олардың науқастар арасындағы шынайы қарым-қатынасын қалыптастырады. Фотокөрме аясында халыққа тегін медициналық тексерулер, жұмыспен қамту жәрмеңкесі және бас дәрігерлердің қатысуымен TEDX ұйымдастырылады" - дейді ұйымдастырушылар.

Ал көрме барысында тіс дәрігерлері, жүйке аурулары, жүрек аурулары, педиатр, терапвет және косметологтар халыққа тегін медициналық тексерулер жүргізеді.

Фотокөрме Ұлттық Музейде 5-6 қараша күндері өтеді. Көрмеге толықтай жас суретші Марат Әміровтің жұмыстары қойылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер