BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада Денис Тен түсірген фотолардан көрме өтеді

Астана, BAQ.KZ. Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған фотокөрме өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Mega Silk way» СОСО-да Денис Тен түсірген фотолардың көрмесі ұйымдастырылып, Олимпиада жүлдегері қатысқан айтулы спорттық жарыстардағы суреттер мен Денистің әріптестері түсірген видео-жобалар ұсынылады» - делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені 10-20 қараша аралығында тамашалай алады. Кіру тегін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Денис Тен тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. Осы жиын барысында Алматы қаласының әкімі алдағы жылы Денистің ескерткіші ашылатынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер