BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада Амандос Ақанаевтың көркемсурет көрмесі ашылды

Елордада Тәуелсіздік сарайында белгілі қазақстандық суретші Амандос Ақанаевтың көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Экспозиция артистің 70 жылдығына және оның шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналып отыр. Амандос Ақанаев – Қазақстанның өнер қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты және барша әлемге танымал талантты суретшілер әулетіндегі ең үлкені. «Ақанаевтар әулеті» атты көрме Астананың 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Көрме шілденің 9-ы мен тамыздың 9-ы аралығында жұмыс істейді.

Көрменің басты идеясы – «Менің замандастарым» атты жанрлық портреттер циклі, оған 20-дан аса картина енген, атап айтқанда, білім, мәдениет және бейнелеу өнері салаларындағы еліміздің белгілі тұлғаларының портреттері. Суретші аталмыш жобаға он жылдан астам уақытын жұмсаған және алдағы жылдары бұл жұмысты жалғастырмақ. Портреттер циклі Амандос Ақанаветың және оның отбасы мүшелерінің – «Суретші Ақанаевтар әулетінің» шығармашылық туындыларымен толықтырылып отырады. Бұдан басқа, көрмеге Қытай суретшілер одағының мүшесі Сюй Инли де қатысуда.

Экспозиция кенепке салынған суреттер, коллаж, рельефті кескіндеме, графика, қабырғаға салынған суреттердің нобайлары және инсталляциялар секілді түрлі техникада – 70-тен аса еңбектен тұрады.

Суретші Ақанаевтар әулетінің қалыптасқанына көп жыл болды. Оның негізін қалаушылар Ақанаев Амандос пен Бубэ Нэлли (ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі) – халық шеберлерінің ұрпақтары Олардың балалары Руслан, Ботагөз, Ескендір – Қазақстанда және шетелде танымал суретшілер. Немерелері: Аспарух, Мұхит, Рада, Глеб, Александра және Мұхиттың зайыбы Дарина да шығармашылықпен айналысады және өз еңбектерін отбасылық көрмелерде көпшілік назарына ұсынады.

«Ақанаевтар әулеті» көрмесі өз келушілерін күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін күтеді. Анықтама телефондары: 701-392.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер