BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда «Шеберлер елі» байқауы өтті

ERG компаниясының ең талантты қызметкерлері дәстүрлі түрде «Шеберлер елі» байқауында анықталады. Осы жылы шараға өз ісмерлігін көрсету үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60 қатысушы келді. Шығармашылық жарыс ерекше форматта бес номинация бойынша жүрді. Осы жылы ұйымдастырушылар ашық аспан астында нағыз арт-фестиваль өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Шеберлер елі» фестиваліне қазылар алқасы мүшесі ретінде екінші рет қатысып отырмын және осы жолы таң қалғанымды жасырмаймын. Өткен жылы «Еуразиялық Топ» қызметкерлері таланттарымен, шығармашылық ойларымен әсер еткен болатын. Осы жылы екі есе таңғалдырды. Келесі жолы бұдан да ауқымды, бұдан да қызықты жұмыстар болады деп үміттенемін», - дейді қазылар алқасы мүшесі, Salem Social Media бас директоры Александр Аксютиц.

Бұдан бөлек қазылар алқасы мен Арт-фестиваль қатысушылары үшін Еуразиялық Топ қызметкерлері әшекейлер дайындау, матаға батик әдісімен сурет салу және киім тігу бойынша тегін шеберлік сыныптарын өткізді. Фестиваль қонақтарына, әсіресе, Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Нұрсұлтан Қарасартовтың үш тілдегі оқу карталары ерекше ұнады.

«Шеберлер еліне» бірінші рет келіп отырмын. Жаңа форматқа ие ерекше алаң екен. Тартымды адамдар, қызық жұмыстар да көп. Бізде тек өз ісінің білгірлері ғана емес, жан-жақты, басқа салаларға да қызығушылық білдіретін жандар жұмыс істейді екен», - деп атап өтті байқау қатысушыларының бірі.

Бұл атақты таланттар байқауын «Еуразиялық Топ» компаниясы мыңдаған адамнан тұратын ұжымы арасында жеті жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Осы жылы қатысушылар жұмыстарымен дәстүрлі түрде танысудан бөлек фестиваль қонақтары үшін Arsen Famo ұсынатын сәнді киім көрсетілімі, танымал қазақстандық мүсінші Эдуард Казарянның перформансы және «АRТиШОК» театрының, Lamp Orchestra мен Stereo Band топтарының өнер көрсетулері ұйымдастырылды.

«Көрме» номинациясында бірінші орынды «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ қызметкері Кристина Паршукова, «Фотосурет» номинациясында Кристинаның әріптесі Евгений Набиев алды. Ал «Жәрмеңке» номинациясында «ЕЭК» АҚ өкілі Татьяна Кочубеева бірінші орыннан көрінді. «Еуразиялық Топ» ЖШС-ның екі қызметкері Лилианна Сембаева мен Гауһар Жетпісбаева «Шеберлік сыныбы» және «Мен дизайнермін» номинацияларында қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер