BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Әлемдік деңгейдегі музыканттар Қарағандыда шеберлік-сыныптарын өткізеді

Бүгін Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада әлемдік деңгейдегі музыканттар шеберлік сынып өткізеді. Шеберлік-сынып тақырыбы: «Өзіңіздің шынайы дауысыңызды барабандық дыбыстар мен әндер арқылы ашыңыз!», деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушыларға өз креативтілігін барабан, әндер және шығармалар арқылы ашуға көмектеседі. Сонымен қатар оларды өз дауысын және өз сөздерін әндер, джаздың лирикалық және рифмалық техникасы, ритм-энд-блюз, сондай-ақ халықаралық вокалдық стильдер арқылы қолдануды үйретеді.

Шеберлік-сыныпты қарағандылықтар үшін Амикаэла Гастон, Мена С. Рамос, Элизабет Сайер және Мишель Гёрлитз өткізеді.

Амикаэла Гастон - Washington Area Music Accociation Awards сыйлығының 8 мәрте иегері, композитор және орындаушы, оның дауысын қазіргі заманғы ең «таза» дауыс деп сипаттайды. Оның төмен дауысы «сарқыраманың мақпал дыбысын» (MTV) елестетеді және өзінің шынайылылығымен тыңдарманды баурайды.

Доктор Мена С. Рамос – кәсіби дәрігер, вокалшы және барабаншы. Ол АҚШта ұлттық деңгейде, сондай-ақ Кубада, Бразилия мен Филиппинде халықарылық деңгейде өнер көрсеткен. Қазіргі таңда ол Сан-Францискода би труппаларымен өнер көрсетеді.

Элизабет Сайр 1994-ші жылдан бастап афрокубиндік музыка мен батада (барабан түрі) ойнап, орындайды. Осы бағыттағы АҚШ және Кубадағы көптеген шеберлерден дәріс алған.

Мишель Гёрлитз «Blazing Redheads» және «Wild Mango» екі әйгілі және ұзақмерзімді жобалардың негізін қалаушылардың бірі болған. 2007-ші жылы ол Downbeat Magazine журналында «туып келе жатқан жұлдыз» деп аталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер