BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Димашқа сый тарту етті

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі - «Ali baba» компаниясының басшысы Джек Ма Димаш Құдайбергенге сый тарту етті, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қазақстандық әнші өзінің Іnstagram-дағы парақшасында бөлісті. Бірақ Димаш қытайлық азаматтың қандай сыйлық бергенін ашып айтқан жоқ. Тек сырттай қарағанда кітапқа ұқсайтын қара қорапшаның суретін ғана көрсетті. Әншінің оқырмандары бірден қандай сыйлық екенін анықтауға кірісіп кетті. Олар мұндай қорапшаға не сыюы мүмкін деп болжамдап отыр.

Əлемдегі ең танымал ондыққа кіретін ,"Ali baba" компаниясының жетекшісі Джек Ма мырзаның ұсынған сыйлығы. Ықыласыңызға рахмет! #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер