BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Абай» операсы италиялықтарды тамсандырмақ

Астана, BAQ.KZ. 8 қарашада «Астана Опера» ұжымы гастроль аясында италияндық көрерменнің назарына ұлттық жаухарларымыздың бірегейі – А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын көрермен назарына ұсынбақ.

Астана қаласы ресми сайтының мәліметіне қарағанда, спектакль қарсаңында қазақстандық солистердің, маэстро Алан Бөрібаев пен генуялық театр дирекциясының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді. Гастрольдік бағдарлама 10 қарашада Л. Бетховеннің № 9 симфониясымен жалғаспақ.

«Асқақ өнерді бағалаушылармен қайта қауышқанымызға әрі Италиядағы ең әдемі театрлардың бірі – генуялық театр сахнасында өнер көрсететінімізге қуаныштымыз. 2015 жылдан бастап біздің ұжым осынау итальяндық сахнада опера және балет спектакльдерін ұсынуда, сондықтан көрерменнің көзайымына айналып үлгердік, олар бізбен жаңа кездесулерді асыға күтеді, біз үшін бұл қуанышты жағдай», - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» МОБТ ди⁠ректоры Ғалым Ахмедьяров.

Опера солистері, Симфониялық оркестр музыканттары, хор, балет және миманс әртістері, гримдеушілер, жарықтандырушылар, реквизиторлар мен сахна машинистері бүгін Италияның ауқымы бойынша алтыншы орын алатын Генуя қаласына аттанды.

«Карло Феличе» театры 1827 жылы салынған, оның сахнасында әлемнің ең танымал дирижерлері мен әйгілі оркестрлері, беделді балет труппалары, атақты орындаушылар өнер көрсеткен. «Карло Феличе» театрында барлығы басқаша, біз сахнаның планшетін жауып тұратын төменгі платформаны пайдаланатын боламыз. Осылайша, декорациялардың ең ауқымды және ауыр салмақты элементтерінің бірі – Абай үйі «трюмде», яғни сахна астында орналасатын болады. Жалпы алғанда, спектакль «Астана Опера» театрындағы түпнұсқа көрсетіліміндегідей ұсынылатын болады. Көрермендер қойылымға қатысатын жануарларды да тамашалай алады» - деп бөлісті «Астана Опера» көркемдік-өндірістік кешен жетекшісі Виктор Караре.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер