USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

25 жылды бейнелеген 50 сәт

Ұлттық мұражай алаңында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи суреттерінен тұратын "Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде" фотокөрмесі – бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет. Жұмыстар 1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды, дейді BAQ.kzтілшісі.

«Ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдері естеріңізге түсіру үшін біз Sputnik мұрағатындағы суреттерімен бөлісіп отырмыз. Біз баршаңызды алдағы мейрамдармен құттықтай отырып, Астана тұрғындары мен қонақтарын фотокөрмемізге шақыруға қуаныштымыз», - деді Sputnik Қазақстан агенттігінің бас редакторы Ольга Коваленко.

Sputnik объективінде елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми және бейресми ортада, әріптестері мен отбасы мүшелерінің арасында көре аласыздар.

«Тұңғыш президент күніне орай ашылған бүгінгі фотокөрме, келушілердің қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Себебі, бұл суреттер біздің өмірімізбен, яғни тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты. Көрменің ұйымдастырушысы Sputnik агенттігі және радиосына шексіз алғысымды білдіремін» - деді фотокөрменің салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Ұлттық мұражайы басшысының орынбасары Сатубалдин Абай.

Көрмеге келушілер Қазақстан президентінің Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген сәттерін, Михаил Горбачевпен, Борис Ельцинмен, Владимир Путинмен, Дмитрий Медведевпен кездесулерінің бейресми кадрларын көре алады.

«Құрметті достар, ең алдымен осы көрменің ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені өмірде кездейсоқтық болмайды, тек белгілі бір адамдар тобының үлесі арқылы ғана болатын дүние. Олар өткенге бағу беру үшін күресті, сол үшін ризамын. Елбасымыздың суреттерін көруге баршаңызды шақырамын, қазіргі өміріміз қандай еңбекпен келгенін сонда түсінесіздер» - деді Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Косарев Владислав фотокөрме ашылу салтанатында.

1994 жылғы қарашада орбиталық "Мир" станциясында ғарыштық сапарын аяқтаған Талғат Мұсабаевты Жерде қарсы алудың тарихи суреті. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар саммиттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылар ортасында түскен суреті.

Көрме барлық қызығушылық танытқандар үшін 2016 жылғы желтоқсанның ортасына дейін ашық.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады