BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жолаушылар автобусынан қауіпті сәлемдеме табылды

Фото: ngs55.ru

Астана. BAQ.KZ. Ресейдің Федаралды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара басқармасы Омск-Қарағанды бағытындағы жолаушылар автобусынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты.

«Омск онлайн» порталының мәліметіне сәйкес, РФ ФҚҚ Шекара басқармасы Черлак ауданындағы «Ольховка» өткізу пунктінен жолаушылар автобусына тексеріс жүргізген. Тінту барысында қызметкерлер Омск-Қарағанды бағытындағы автобустың жүк салғышынан 2 Калашников АКСУ автоматы мен РПГ-7 граната атқышының 4 макетін тапқан.

«Болған жағдайды автобус жүргізушілері «қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Омск автовокзалында белгісіз азаматтардың берген» деп түсіндірген. Олар сәлемдемені Қазақстандағы адресатқа жеткізуді өтініпті», - делінген РФ ФҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шекара басқармасы қызметкерлері қару-жарақты тәркілеп, істі Черлак аудандық ІІБ-не тапсырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер