BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Жоғалғанына төрт жыл болған күйеуіне іздеу салады

Жақында BAQ.kz редакциясына Айгүл есімді жас ана келді. Үш баласы бар, күйеуі жоғалып кеткелі 4 жылға жуықтапты. Содан бері күйеуінен ұшты-күйлі хабар жоқ.

Болатбек Қалайхан 1984 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. 2004 жылы атажұртқа көшіп келіп, әртүрлі жұмыс істеген ағайынды үш жігіт 2012 жылдан бастап Моңғолиядан машина әкеліп сатумен айналыса бастаған. Соңғы рет Болатбек 2013 жылы күзде Өскеменге машина жеткізіп беруге кеткен, содан қайтып оралмаған.

«Не өлі екенін, не тірі екенін біле алмай отырмыз. Үш баламен жалғыз басым сопиып қалдым. Балаларымның алды 5-сыныпқа барды. Құжаттарын жасаудың өзі қиынға соғып барады. Мектептен күнде талап етеді» - дейді Айгүл.

Айгүлдің айтуына қарағанда Болатбекті төрт жылдан бері іздемеген жерлері қалмаған. Оның сөзін жасы 70-тен асқан Болатбектің немере атасы Балшық Ұяданұлы есімді ақсақал да растап отыр.

«Төрт жыл болды табанымыздан тозып, сол баланы іздеп жүрміз. Бір сыбыс жоқ. Өскеменнің нақты қай жеріне кеткенін де біле алмаймыз. Машина беруге тиісті адам «бізге келген жоқ» дейді. Соған ұқсас бір жігіт Моңғолияның астанасы Ұлан-батырда қайтыс болды дегенді естіп, оны да тексерттік, ол емес екен. Енді не істерімізді білмей тарығып отырмыз» - дейді Балшық ақсақал біз телефон шалған кезде.

Айгүлдің айтысына қарағанда Астана қаласы Алматы ауданының АІІБ күйеуінің жоғалып кеткені туралы өтініш жазып, іздеуге көмектесулерін сұраған. Алайда олардан қайыр болмаған көрінеді.

Егер суреттегі азаматты көрген білген, не танитын адамдар болса 87756163284, 87027445084 номерлеріне хабарласуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер