BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен Ақмола облысындағы орманда адасып жүрген

Фото: yandex.ru

Бойжеткен Ақмола облысындағы ұлттық табиғи парк орманында бір тәулікке жуық уақыт бойы адасып жүрген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 12 мамырда Астананың 29 жастағы тұрғыны Ерейментау аудандық ішкі істер бөліміне барған.

«Қала тұрғыны таныс қызбен Ерейментау ауданындағы «Бұйрытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне демалуға барған. 11 мамыр күні кешке екеуі ұрсысып қалып, қыз белгісіз бағытқа кетіп қалған», - дейді полиция қызметкерлері.

Ер адам оны өз бетімен іздемек болған, бірақ еш нәтиже болмаған. Бойжеткенді іздеуге аудандық ішкі істер бөлімінің бірнеше тобы мен қорықшылар жұмылдырылған.

«Жоғалып кеткен қыз Балықты ауылынан бір жарым шақырымдық жерден табылды. Ол адасып кетіпті. Денсаулық жағдайына қауіп төніп тұрған жоқ. Түнде жылыну үшін ол жүгірген», - дейді ІІД баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер