Жезқазғанда ер адамды өз мылтығымен өлтіріп, денесін өртеп жіберді - Оқиға|16 Сәуір 2018, 15:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Жезқазғанда ер адамды өз мылтығымен өлтіріп, денесін өртеп жіберді

Жезқазғанда ер адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Марқұмның мүрдесі араға жарты жыл салып табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жылы 1 мамырда болған. Іс материалдарына сәйкес, ер адам марқұмды бірінші атып, кейін денесін өртеп жіберген. Қылмыскерлердің мұндай қадамға баруына материалдық құндылықтар мен автомобиль себеп болған. Қылмыстық іс Қарағанды облысы арнайы аудан аралық сотқа келіп түсті. Айыптылар орындығында үш Жезқазған тұрғыны отыр. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылардың бірі марқұмның көршісі болғаны белгілі болды.

Марқұм қымбат заттары мен қару-жарақтарын сатып, көшіп кетпек болған. Бұл туралы айыпталушы екінші бір досына айтып, кейін көршісін өлтіріп, оның дүние-мүлкін ұрлауды ұсынған. Досының келісімін алған соң, ол көршісін өлтіру жоспарын құрастырады. Ол досын қару сатып алғысы келеді деген сылтаумен марқұммен таныстырмақ болады. Кездесу кезінде екі ер адам марқұмға қаруды тексеріп беруді ұсынады. Бұл үшін олар қаланың сыртына, адам жоқ жерге шығуды жөн көреді. Белгіленген жерге келген соң ер адам досына көршісін атуды ұсынады. Досы өз кезегінде ер адамды желке тұсынан атады. Ер адам бірден қаза табады.

Қылмыс тек жарты жылдан кейін ашылды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Үш күдіктінің екеуі өз кінәларын бірден мойындады. Басты сот отырысының қай күні өтетіні әзірге белгіленбеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер