BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан өрт сөндірушілер көлігі видеоға түсіп қалды

Алматы қаласында өрт сөндіруге арналған көлік жолдан өтпек болған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өрт сөндіретін көліктің соңынан келе жатқан автомобиль регистраторына түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан жол-көлік оқиғасының Жұбанов көшесінің алдында Саина көшесінің бойында болғанын байқауға болады. Өрт сөндірушілер көлігі Саина көшесімен жоғары қарай қозғалып келе жатқан. Жаяу жүргіншілер жолының алдында Honda CR-V көлігінің тоқтап, адамдарды өткізіп жатқанын көруге болады. Ал өрт сөндіру көлігі осы автомобильге соғылмау үшін бұрылып, ақырында әйелді қағып кетеді. Кейін арнайы көлік жол айырығындағы қоршауға барып соғылады.

Алмады ІІД аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«ҚР ҚК «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар», 345-бап 1-тарау бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалардың барлығы, сондай-ақ, соттық-медициналық тергеу тағайындалды. Әйел ауруханада жатыр», - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер