BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жанна Ботадан жәбір көргендер оның қылмыстық жауапқа тартылуын талап етуде

Фото: Автор

Фейсбукте Жанна Бота ретінде танымал Жанар Ахметовадан алданған жәбірленушілер, оны Қазақстанға әкелуін талап етуде, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2007 жылы Райхан Айтбаева "фейсбук" әлеуметтік желісінде Жанна Бота ретінде танымал Жанар Ахметоваға 20 мың АҚШ долларын береді, қарыз алушы ақшаны 1.5 айда қайтарып беруге міндет еткен.

2008 жылы 15 ақпан күні Алматы қаласының Медеу аудандық соты Р. Айтбайдың қуынымы бойынша азаматтық істі қарап, Ж. Ахметовадан екі миллион төрт жүз жиырма мың теңге сомасындағы қарызды өндірту туралы шешім шығарады. Алайда сот шешімі әлі орындалмаған.

"Мен Жанар Ахметоваға 2017 жылы 20 мың доллар қарызға бердім. Ол 1, 5 айда қайтарам деп, қолхат жазып берді. Оның дұрыс адам екеніне сендім. Он жылдан бері сот шешімі орындалмай келеді. Қазір ол өзін саяси құрбан ретінде көрсетіп, Украинадан саяси баспана сұрауда. Әлеуметтік желіге тіркелгелі бері өзін патриот, қоғам белсендісі етіп көрсеткісі келеді. Оның алаяқтық әрекетінен 15 адам зардап шегіп отыр, соның бірі оның сіңілісі Динара Ахметова. Қазір оны ОСДП партиясы мен адам құқықтары бюросы қолдап отыр",-дейді жәбірленуші Райхан Айтбай.

Тағы бір жәбірленуші Светлана Пашаева онымен 2012 жылы танысқанын және ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтады.

"Ол несиелеуді төмен пайызбен қайта қаржыландырып беруге уәде етіп және шаруа қожалығын сатып алуға көмек көрсетемін деп 20 мың доллар алды. Алайда уәдесін орындамастан жоғалып кетті. Біздің мұңымызды бәрі естісе екен, әсіресе оны қорғап жүрген заңгер Евгений Жовтис", -дейді ол.

Сондай-ақ украиналық журналист Ольга Курнова да оның алаяқтық әрекетіне шағымдануда.

"Ол кісімен мамыр айында таныстым. Өзін саясаткер, Қазақстандағы демократия жолындағы күрескер ретінде таныстырды. Тіптен, оның сотына да қатыстым, Киев оған саяси-қуғын мәртебесін бермеді. Ол мені 5 мың долларға дейінгі шығынға батырды. Егер адам опозициялық жолда жүрсе елдің заңын сақтауы керек" - дейді жәбірленуші.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер