BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Жаңаөзен тұрғыны желіде терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Фото: tumba.kz

Жаңаөзен тұрғыны экстремистік сипаттағы діни қақтығысты тұдыру мақсатында ақпарат таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ІІД Экстремизмге қарсы басқарманың мәліметі бойынша, жаңаөзендік тұрғын терроризмді насихаттайтын, діни қақтығыстарды тудыратын ақпараттарды әлеуметтік желіде, атап айтқанда Facebook таратып келген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, материладар сүннет ағымының салафит бағытына келеді. Бүгінде сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Жаңаөзен қалалық соты ер азаматты жеті жылға бас бостандығынан айырды.

«Бұдан басқа, жақын күндері Facebook әлеуметтік желісінде діни қақтығыстарды тудыру мақсатында ақпарат таратқаны үшін Жаңаөзен қаласының екі тұрғыны тұтқындалды. Аталған факт ҚР ҚК 174 бабы бойынша Бірыңғай реестерге тіркелді, сотқа дейінгі тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа берілетін болады», - деді облыстық ІІД-дан

Маңғыстау облысы ІІД Экстремизмге қарсы басқармасынан хабарланғандай, егер кімде-кім діни экстремизимді немесе терроризмді насихаттап жүрген заңсыз әрекеттердің куәсі болса ол туралы «102» номеріне хабарласып, ақпарат берулерін сұрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер