BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Жаңаөзен маңында көлік өртенді: зардап шеккендер бар

Фото: lada.kz

Кәугерлердің айтуынша, Lexus маркалы жеңіл көлік алдыңғы көлікті басып озу үшін қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен жеңіл көлік Toyota Avalon маркалы көлікпен соқтығысып, нәтижесінде толығымен жанып кеткен.

Көлік апаты Жаңаөзенге кіре беріс маңда, 10 маусым күні шамамен кешкі сағат 20:00-де болған.

Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасында хабарланғандай, көптеген жарақат алып, дене мүшелері сынған бірнеше адам ауруханаға жатқызылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер