Жан түршігерлік жол апаты: Қостанай облысында жол апатынан 6 адам зардап шекті - Оқиға|06 Тамыз 2018, 17:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Жан түршігерлік жол апаты: Қостанай облысында жол апатынан 6 адам зардап шекті

Фото: alau.kz

Қостанай облысында жол апаты болып, 6 адам зардап шекті, де хабарлайды Baq.kz тілшісі alau.kz порталына сілтеме жасап.

Зардап шеккен азаматтардың біреуі облыстағы аурухананың біріне жеткізілген.

«Ер азаматтың бірнеше жері сынған. Ол ауруханадағы хирургия бөлімінде емделіп жатыр», - деді дәрігерлердің бірі.

Сондай-ақ тағы бір әйел ауруханада ем қабылдап жатқаны белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа.

«Оның жамбасы сынған және табаны жырымдалып жараға айналған, аяғының буыны шыққан. Зардап шеккен азаматты дәрігерлер ота жасауға дайындап жатыр», - деді травматология бөлімінің меңгерушісі.

Сонымен қатар Қостанай облысының балалар ауруханасына тағы бір бала жеткізілген. Оны да дәрігерлер операцияға дайындап жатыр екен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер