BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Жамбыл тасжолы бойында өртеніп кеткен көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды

Фото: Tumba.kz

Бүгін таңғы сағат 06:08-де «Алматы-Ташкент» тасжолының 361 шақырымында көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол бойында Mazda-626 маркалы көлік өртеніп кеткен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылмаған.

Көлік жүргізушісінің кім екені және көлік не себепті өртенгені әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, ақпан айында Жамбыл облысында екі адам көлік апаты салдарынан өртеніп кеткен. Екі көлік соқтығысып, нәтижесінде өрт шыққан. Қайғылы жағдай дәл осы жол бойында, Отар станциясының маңында болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер