Жамбыл облысында сотталушыдан пара алмақ болған қызметкер ұсталды - Оқиға|13 Маусым 2018, 17:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Жамбыл облысында сотталушыдан пара алмақ болған қызметкер ұсталды

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының брифингінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасарының сотталушыдан пара алды деген күдікпен ұсталғанын айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 12 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті сотталушыдан 2 млн теңге сомасында пара алды деген күдікпен Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД 158-5 мекеме бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары ұсталды. Ақша қаражаты осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушының қамауда ұстау жағдайын жеңілдету және жалпы қамқорлық көрсету үшін алынған. Кінәсін жаңағы тұлға толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ. Қазіргі таңда сот тергеуі жүргізіліп жатыр», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Нұрлан Жақин.

Еске сала кетсек, брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкерелегені мәлім болды.

Сондай-ақ, «Кедентранссервис» вице-президенті Ғалым Мұқановтың ісі бойынша тергеу нәтижесін баяндады.

ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Назарбек Бейсенге қатысты қылмыстық іс тергеуде екені айтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер