BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Жамбыл облысында аудандық әкімдіктің шатыры ұшып кетті

Фото: tengrinews.kz

Бұл жағдай 11 маусымда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мерке ауданы, Мерке ауылында секундына 19 метр жылдамдықпен соққан жел соғып, аудандық әкімдік аппараты екі қабатты ғимаратының 120 шаршы метр болатын шатырының біраз бөлігін ұшырып әкетті», - делінген хабарламада.

Ғимараттың жалпы аумағы – 1400 шаршы метр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер