USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жамбыл облысында 110-ға тарта көлік жолда қалды

Жамбыл облысы аумағында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан 110-ға тарта көлік жолда қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Қазіргі таңда ауа райының бұзылуына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Ташкент» автожолы (580-593 км) жолаушылар автобустары мен жүк көліктері үшін жабық тұр. Бүгін аталған тасжолда 70-ке жуық жүк көлігі мен 40-қа тарта жеңіл автокөлік мәжбүрлі түрде тоқтатылды», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, қазір арнайы қызметтер жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, 20-ға тарта көлік әлі құтқарылмапты.

«Оқиға орнында сондай-ақ Жамбыл облысы Жуалы ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр», - деп түйіндеді ол.

Зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады