BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

"Жағалау-4" тұрғындарына жылу қашан беріледі

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана. BAQ.KZ тілшісі. "Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сергей Голев "Жағалау-4" тұрғын үй кешені тұрғындары неліктен жылусыз отырғанын және оларға қашан жылу берілетінін айтты.

Оның айтуынша, Астанада 5 қазанда жылыту маусымы басталып, 5700 ғимарат, яғни 95% орталықтанған жылу қызметіне қосылған. Алайда "Жағалау-4" секілді тұрғын үй кешендері жылусыз қалып отыр.

"Біз бұл жағдайдан хабардармыз. Мұнда көп қабатты тұрғын үйдің өнімдеріне осы саладағылар жауап береді. Заңмен реттеледі. Үй салынғаннан кейін бізге келеді, сосын жылу, су, электрмен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде құрылыс компаниясы барлық жүйені уақытында салып, тапсырып, қосуы тиіс", - деді Голев.

Оның айтуынша тұрғын үйге 280 отбасы қоныстанған.

"Өкінішке қарай күн тез суытып жатыр. Кеше салынған жылу желісін, жылу торабын тексердік, шұғыл тәртіпте орындайтын регламенттік жұмыстар ғана қалды. Бүгін-ертең жылу желісін тығыздау мен шаю жұмыстарын жасау қажет. Ары кетсе бұл үйге дүйсенбі жылу қосылуы тиіс", - деді басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Ол тұрғындардың неліктен жылусыз отырғанын түсіндірді. Тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін энергия өткізетін компаниямен келісімшартқа отыруы тиіс.

"Тығыздау мен шаю бұл техникалық шаралар, келесі қадам ол – энергия өткізетін компаниямен келісімшарт жасасу. Елордамызда бұл салада "Астанаэнергосбыт" жұмыс істейді. Кез келген нысанды іске қосқанда оның техникалық бөліктерімен келісімшарт жасау қатар жүреді. Тұтынушылардың мәселесі бойынша олар қашан келісімшартқа отырады, біз сол кезде жылуды қосамыз. Жылу, су, электр желісіне қосылу үшін олардың келісімшарттары болуы керек. Коммуналды қызметтерді тұтыну жөнінде квитанциясы да болуы тиіс", - деп жауап берді ол.

Фотолар:Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер