BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Заңсыз балық тасымалдаған қарағандылықтар ұсталды

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында қарағанды тұрғыны заңсыз ауланған үш тонна балықпен ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы облысының тәртіп сақшылары Қарағанды облысы тұрғыны тізгіндеген «ФОРД» автокөлігін тексеру барысында ірі көлемде балық тиелгенін анықтаған. 3 тоннадан астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат мемлекетке 10 миллион теңге шығын келтірген»,- делінген хабарламада .

«Газель» автокөлігі Құйған-Топар автожолы бойында тоқтатылған. Көліктегі 3 тонна 198 кг балықтың заңға сәйкес тиісті тасымалдау құжаттары болмаған.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4,5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- дейді Алматы облыстық ЖПҚ Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полицейлер табиғат қорғау ведомстволарымен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне заңсыз қол сұқққандарды анықтап, бұдан әрі заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, 17 қараша күні кешке «Рубеж» полиция бекетінде тәртіп сақшылары Ниссан көлігінің жүксалғышынан заңсыз атылған 3 еліктің етін тапты. Жамбыл ауданының тұрғыны тізгіндеген автокөлікті тексеру барысында «СКС» ойық аңшы мылтығы мен рұқсат ету мерзімі өтіп кеткен аңшы мылтығы табылды. Заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды,- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер