BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Шолу. Жыл басынан бері ұшақ апаттарынан 200-ден аса адам қаза тапты

Фото: Sputnik Грузия

2017 жылы 10 ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 44 адам қаза тапты. Aviation Safety Network порталындағы мәліметке сүйенсек, бұл — 1946 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Сол себепті, өткен жыл авиация тарихындағы ең қауіпсіз мерзім болып танылды. Ал биыл жыл басынан бері 5 ірі әуе апаты болып, кемінде 200 адам өлді. Baq.kz ақпарат агенттігі осы ірі әуе апаттарына шолу жасады.

2016 жылы әуе апаты салдарынан — 303 адам, 2015 жылы — 537 адам, 2014 жылы — 961 адам қаза тапты. 2017 жылы апатқа ұшыраған ұшақтардың бесеуі жолаушылар тасымалдауға, қалған бесеуі жүк тасымалдауға арналған. Ал коммерциялық авиация рейстерінің саны 36 миллионнан асты.

Мұнымен қатар, есепке әскери ұшақтар мен коммерциялық емес рейстер қосылған жағдайда, әуе апатының саны жиырма төртке, ал ажал құшқандар саны 230 адамға жететін еді. Ал биыл жыл басынан бері 5 ірі әуе апаты болып, кемінде 200 адам қаза тапты. Сондай-ақ, Түркияда жолақтан шығып кеткен ұшақ теңізге құлап кете жаздаса, Торонто қаласындағы әуежайда екі ұшақ соқтығысты. Baq.kz ақпарат агенттігі жыл басынан бері болған ірі әуе апаттарына шолу жасады.

Непалдағы ұшақ апатында 49 адам қаза тапты

1. Бүгін, 13 наурыз күні, Непалдағы ұшақ апатынан 49 адам қаза тапты. Ұшақта барлығы 71 жолаушы болған. 40 адамның мәйіті оқиға болған жерден табылып, 9 жолаушы емханада көз жұмды. Ал қалған 22 адам ем алып жатыр. Апат жергілікті уақыт бойынша түнгі 2:15-те болған.

Жолаушылардың басым бөлігі — Непал және Бангладеш тұрғындары, бір адам — Қытай азаматы, тағы бір азамат — Мальдив аралдарынан. Бұл туралы Трибхуван әуежайының бас директоры Радж Кумар Чхетри мәлімдеді. Ал экипаж мүшелерінің бәрі де — 4 азамат Бангладеш тұрғындары екені анықталды.

Алдын ала болжам бойынша, жерге құлаған ұшақ жанып кеткен

2. 11 наурыз күні Иранда жеке түрік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 11 адам қаза тапты. Иран азаматтық авиация ұйымы өкілдерінің мәліметінше, ұшақ апаты салдарынан 8 жолаушы, 3 экипаж мүшесі қаза тапқан.

Ирандағы «Tasnim» агенттігінің хабарлауынша, Шарджа (БАӘ) қаласынан Стамбұлға ұшып бара жатқан «Bombardier Challenger 600» жеке лайнері жергілікті уақыт бойынша сағат 18:50-де (Астана уақытымен 21:20) радар экранынан жоғалып кеткен. Ол Иранның орталық бөлігіндегі Шахре-Корд қаласының маңындағы таулы аймаққа құлаған.

Алдын ала болжам бойынша, жерге құлаған ұшақ жанып кеткен. Агенттікте таулы аймақтан қара түтін шығып жатқаны түсірілген сурет бар. Апат болған жерде іздестіру шаралары әлі де жүріп жатыр.

Ұшақта отырғандардың бәрі — Ресейдің Қарулы күштер қызметкерлері

3. Сирияда апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 39 адам болған. Анықталған мәлімет бойынша, Хмеймим аэродромына қону кезінде апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 33 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған. Олардың бәрі — Ресейдің Қарулы күштер қызметкерлері.

РФ Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, олардың барлығы қайтыс болған. Ұшақ Хмеймим аэродромына қону кезінде апатқа ұшыраған. Ол ұшып-қону айлағына 500 метр қалғанда жерге құлаған. Ведомстводағылар ұшаққа оқ атылмағанын мәлімдеді.

Қатты тұман болғандықтан, құтқарушылар тиісті шараларды бірден жүзеге асыра алмады

4. Иранда Aseman Airlines әуекомпаниясының ATR 72-500 ұшағы құлады. Аталған ұшақтың ішінде 66 адам отырған. Бұл туралы 18 ақпан күні Tasnim басылымы хабарлады.

Лайнер Тегераннан Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Ясудж қаласына ұшып бара жатқан болатын. Ұшақ құлаған жерде қатты тұман болып тұрғандықтан, тікұшақтар бірден тиісті шараларды толық жүзеге асыра алмады.

Ұшақта отырған 71 адамның барлығы қаза тапқан

5. Мəскеу маңында жолаушылар ұшағы құлады. Saratov Airlines əуе компаниясына қарасты ұшақ Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан. Əуеге көтерілген соң жеті минуттан кейін ұшақ радардан жоғалып кеткен.

Бұқаралық ақпарат құралдары жолаушылар ұшағының «Почта России» компаниясына тиесілі тікұшақпен соқтығысқанын және апат салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша ұшақта болған 71 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады. Алайда «Почта России» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды. Мұнымен қатар, апат болған жерде көп қағаздың шашылып жатуын бортта 20 килограмм пошта хатының болуымен түсіндірді.

Ұшақ апатынан зиян шеккендер жоқ

6. Түркияда жолақтан шығып кеткен ұшақ теңізге құлап кете жаздады. Ішінде 168 жолаушы отырған Pegasus Airlines лоукостерінің «Боинг 737-800» ұшағы Анкарадан ұшып шығып, Қара теңіз жағалауындағы Трабзон қаласына барып қонды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқыс оқиға кезінде жапа шеккендер жоқ. Лайнер жолаушылары эвакуацияланды.

Анатолий мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, экипаж мүшелері көпке дейін жолаушыларды тыныштандыра алмаған. Суреттерден ұшақ тұмсығының теңізге жақын жерде жатқанын көруге болады. Оқыс оқиғадан кейін әуежай жабылып, бірнеше сағат бойы апат себебі тексерілді.

WestJet лайнерінің бортында 168 адам болған

7. Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды. Бұл туралы әуежайдың Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. Белгілі болғандай, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. WestJet әуекомпаниясы мексикалық Канкуннан келген Boeing 737-800 ұшағы тұрақтан қозғала берген Sunwing әуекомпаниясының ұшағына соқтығысқан. WestJet лайнерінің бортында 168 адам болған. Олардың барлығы эвакуацияланды. Ал Sunwing ұшағында жолаушылар болмаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер