BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Үш адамды өлтірген Алматы облысының тұрғыны сотталды

Фото: ru.sputniknews-uz.com

Алматы облысының тұрғыны 3 адамды өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында үш адамды өлтірген Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚР ҚК-ның «Кісі өлтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық оқиға осы жылдың 25 наурызы күні болған. Өлтірілген үш әйелдің денесі Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында табылған. Үш әйел де бір отбасы мүшелері. 88 жастағы әже, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы немері сіңлісі көптеген пышақ жарақаты салдарынан көз жұмған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер