BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

3 жастағы қызының мұрнын азаматтық некедегі күйеуі тістеп алған ана көмек сұрауда

Аяулым Матаева есімді Алматы облысының тұрғыны 3 жасар қызының мұрнын тістеп, аяусыз ұрған азаматтық некедегі күйеуінен қорқып, пана іздеп отыр. Бұл туралы Гүлмира Әбіқай есімді Іnstagram қолданушысы пост жазып, құқыққорғау органдарынан көмек сұрады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«МҰРНЫН ЖҰЛЫП АЛДЫ
ҚР ІІМ НАЗАРЫНА !!!
АЛМАТЫ ОБЛ ІІД НАЗАРЫНА!!!
Фотодағы үш жасар қыздың үстінен сау тамтық жоқ. Басынан башпайына дейін аяусыз тістелеп, бір уыс төбе шашы мүлдем жоқ. Ең сорақысы ұйықтап жатқан бөпенің мұрнын 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін мұрын еті сол күйі табылмады. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты. Шырылдап енді арыз жазғанымды білсе өзімді де өлтіреді деп жылайды Аяулым Матаева. Ол (Ринат) бұрын сотталған азамат. Адам болмайтынын білген туыстары теріс айналған жігітті неге таңдадыңыз? Бірге тұрған бір жыл ішінде бірнеше рет қол көтергенін неге жасырдыңыз? Ол ішіп алғанда белая горячка екенін біле тұра 3 жасар қызды қауіпке неге итермеледіңіз? Бұл сауалдарға Аяулым жауап таппады. Сіз азаматтық жарыңыз өлердей мас екенін біле тұра, мұндай кезде көзіне түскен жанды оңдырмайтынын (тістейді) біле тұра туған қызыңызға араша түсу орнына тастап қаштыңыз.

Екеуіңіз де ҚЫЛМЫСКЕРСІЗДЕР! Ал, не болды? Бір қыз бала мәңгілік урод болды. Оған қанша жерден ота жасалғанымен өз мұрнындай болмайды. 3 жасар баланың психикасына мәңгілік сызат түсті.
Айналайын, қыздар-ау, сіңлілерім, келіншектер!!! Түрлі жағдаймен алғашқы жардан ажырап қалсаңыз екінші күйеуге абайлап тиіңізші. Азаматтық неке дегенді сылтауратпай-ақ қойыңыз! Не бай емес, не сай емес төсекте бар, заңда жоқ еркекте жауапкершілік те жоқ! Дәл қазір Алматының әр бұрышында қанша әйел балаларына тиісіп мезі болған азаматтық жарынан қалай қашып құтыларын білмей жүр. Себебі, бізде азаматтық деп аталғанымен олардың 99,9% рәсімделмеген. Заң жоқ жер беспредел. Баласына тиіседі қанша жынды болса да әйел өз баласына араша түседі бұл жолы азаматтық күйеуі оңдырмай соғады. Өлімші болған кезде қашып шыққан әйел полицияға арыз жазады. Еркек бір тәулікке қамалып қайтып келіп, баяғы оқиға қайтадан жалғасады. Менің сожительімді біржола ешқашан біз көрмейтіндей жерге алып кетіңізші деп зар жылап тұр трубкада А. «ДД» дәл осы мәселеге араласапайды», - деп жазды Гүлмира Әбіқай (жазба мәтіні өзеріссіз берілді - ред.).

A post shared by ГҮЛМИРА ӘБІҚАЙ (@gulmir_ktk) on

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Ақпан 2018, 20:59
"Ана"
Пікірлер