BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Түркістанда мешіттен ақша мен шәйнек ұрлаған ер адам ұсталды

Фото: Islam.kz

Түркістанда мешітке ұрлыққа түсіп, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы қаланың прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Р. Әбдірайымовтың айтуынша, осыдан екі күн бұрын отыздар шамасындағы ер адам мешіттен 10 мың теңге мен электр шәйнегін қолды қылған. Тек мешіттерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен күдікті кеше кешкісін басқа бір мешітке ұрлыққа түсу кезінде ұсталды.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сондай-ақ, прокурордың мәліметінше, 12 қыркүйек күні кешкісін 2 азамат 25 жас шамасындағы әйелді шалып құлатып, ұялы телефонын тартып алып, іздерін суытқан. Жәбірленуші дер кезінде полицияға xабарлап, нәтижесінде тәртіп сақшылары тонаушылардың бірін ізін суытпай ұстады.

Ұсталған күдікті қамауға алынған, ал оның сыбайласы іздестірілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер