BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Түркістан облысында аудан әкімі парамен ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ордабасы ауданы әкімі Рашид Қайыпжановтың ісін сотқа жіберді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астанада өткен брифингте агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxин Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімінің үстінен жеке компанияның өкілі шағым түсіргенін мәлімдеді.

«Кәсіпкер сәуір айында 2,2 млн теңгенің тендерін ұтып алды. Ол аудандағы көркейту жұмыстарын атқаруға кіріскен. Сол уақытта әкім оған тағы 2,1 млн теңгенің абаттандыру жұмыстарын ұсынған. Компания басшысы келіскен. Ол барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Ордабасы ауданының әкімі бюджет қаражатын ұйымның есепшотына аудармай қойған. Ол үшін 200 мың теңге талап еткен», - деді ол.

Сондай-ақ ресми өкіл қазіргі таңда әкім өз кінәсін толығымен мойындағанын атап өтті.

«Сол себепті барлық материалдар жеңілдетілген тергеу әдісі бойынша қаралды. Күдіктінің қоғамға қаупі жоқ екені ескерілді. Сондықтан ол қамауға алынған жоқ. Іс 10 күннің ішінде аяқталып, сотқа жолданды» - деді Нұрлан Жахин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер