Түркістан облысында 8 жастағы бала туған әпкесін атып тастады - Оқиға|08 Тамыз 2018, 11:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Түркістан облысында 8 жастағы бала туған әпкесін атып тастады

Фото: tvc.ru

Созақ ауданында 8 жастағы бала 10 жастағы әпкесін абайсызда атып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Балалар жазғы демалыс уақытында Сызған ауылына қыдырып барған. Ойнап жүрген олар қабырғада ілініп тұрған қаруға көздері түсіп, оны атып көрмек болған.

8 жастағы бала далаға шығып, ата бастаған кезде оқ 10 жастағы әпкесіне тиіп кетіп, ол алған жарақаты салдарынан ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Бұл туралы түркістан облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер