BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бас кеңсесінен бомба табылған жоқ – ІІД

Алматыдағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бас кеңсесі штатты режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін белгісіз біреулер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ғимаратында бомба бар деп хабарлаған болатын. Телефон соққан адам жарылғыштың нақ қай бөлімшеге қойылғанын айтпаған.

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ғимарат аумағы қоршауға алынып, азаматтар шұғыл эвакуцияланған. Алайда тексеру кезінде бас кеңседен жарылғыш зат табылмады.

Жалпы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үш бөлімшесі де қоршауға алыныпты.

«Жарылғыш заттың бас кеңседен табылмағаны белгілі болды, қалған бөлімшелерде тексеріс жалғасып жатыр», - деп мәлімдеді С.Әзірбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер