BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

«Тұншығып қала жаздады»: сәбиді жол шетіне тастап кеткен

Фото: 1tv.kz видеосынан скрин

Түркістан облысында полицейлер сәбиін жол шетіне тастап кеткен ананы іздеп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қыз бала күн ыстықта аузы толық жабылған сөмкенің ішінде жатқан. Оны жергілікті тұрғын тауып алады. Кейбір дерекке сүйенсек, бала табылғанға дейін сөмкеде 4 сағаттай жатқан. Тұншығып қала жаздаған.

«Қызыммен сөмкені ашқанда балақай қып-қызыл болып жатыр екен. Мен басында тірі емес шығар деп ойладым. Бірден дәрігер көршіме бардым. Бәріміз абыр-сабыр болдық. Бір кезде бала жылап жіберді», - деп айтып берді Әсия Омарова.

Содан соң баланы ауруханаға апарған. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың дүниеге келгеніне шамамен 4 күн болуы мүмкін. Денсаулығы жақсы. Айым деген есім қойған. Енді Түркістан облысының полицейері анасын іздеп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер