BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Тоңазытқыштағы жантүршігерлік жағдай: Үшінші бала ауруханада жатыр

Тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы Алматыдағы №2 қалалық ауруханада жатыр, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Баланың жағдайы жақсы. Қазір тиісті ем-домын алып жатыр» , — дейді дәрігерлер.

Кеше әлеуметтік желіде Светлана Высочкина 11 қыркүйекте Алматының №2 балалар ауруханасына 3 жасар бала жеткізілгенін жазған еді. Анықталғандай, ауруханаға түскен бала тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы болып шыққан.

«Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бала 3 күн бойы далада жүрген. Ол Медеу ауданынан табылыпты. Бала сөйлемейді, өзінің атын да білмейді», — деп жазған еді ол.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі баланың денесі табылғаны хабарланған болатын.

Кейінірек, полиция қызметкерлері тоңазытқыштан табылған балаларды өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер