BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

"Томирис" фильмінің продюсері қалай жоғалғаны анықталды

"Томирис" тарихи фильмінің жоғалып кеткен продюсері Анна Чакиртованың қызы Камилла Нұғманова оқиғаның мән-жайын Instagram парақшасы арқылы жариялады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалып кетіп, табылған продюсердің қызы Камилла Нұғманова өзінің парақшасына тіркелгендер мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғыс айтты. Ол анасының қалай жоғалып кеткенін жазды.

"2018 жылы 2 шілдеде ол бас аурудың дәрісін алу үшін дәріханаға шығып кеткен, телефонын үйде ұмытып кетіпті. Ол такси ұстап, ескі, отбасылық саяжайымызға барып таңертеңге дейін ұйықтап, таң атқанда жүргізушіні шақырып, жұмысқа кетпекші болған. Жолда оның жағдайы нашарлай берген. Саяжайға жетіп, көлікті жібере салғанда ғана телефонының жоқ екенін біліпті. Дәрісін ішіп, сол күндер бойы есі кіресілі-шығасылы күйде және қанша уақыт өткенін де білмейтін халде болған", - деп жазды Чакиртованың қызы.

Оның айтуынша, Аннаның денсаулығын дәрігерлер бақылап отыр, ол қазір Алматыдағы емханалардың бірінде, тәулік бойы бақылауда жатыр.

"Аняға демалыс және ағзасының толық қалыпқа келгені қажет. Оны мазаламауды баршаңыздан өтініп сұраймын. Еңбектеріңіз бен атсалысқандарыңыз үшін, жақсылыққа сеніп, дұға қылғандарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Сіздердің арқаларыңызда ол сіздермен бірге", - деп жазды Камилла.

Еске сала кетейік, Анна Чакиртова үйден 2 шілдеде шамамен сағат 21.20-да шығып кеткен. Сол күйі оны ешкім көрмеген. Күйеуінің айтуынша, осыған дейін мұндай жағдай болған емес.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер