BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Тойдан келе жатқан 7 адам жол апатынан қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Camry автокөлігі қоршауға соғылған. Апаттар медицинасы орталығының хабарлауынша, жүргізуші мен 6 жолаушы, оның ішінде 2006 және 2001 жылғы екі бала оқиға орнында қаза болған.

«Көлік қатты зақымданған, сол себепті екі адамның денесін арнайы техниканың көмегімен шығарған», - деп хабарлайды апаттар медицинасы орталығы.

Куәгерлердің айтуынша, көліктің ішінде бір отбасының адамдары болған. Олар тойдан қайтып келе жатқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер